|
|
|
|
Қарағанды облысы Осакаров аудандық соты
Елімізде тәуелсіздіқ
орныққаннан бері Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде
көптеген өзгерістер орын алды - азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын және заңды тұлғалардың
мүдделерін қорғай алатын тәуелсіз сот жүйесі
қалыптастырылды.
Тәуелсіздіктің 20-жылдығы қарсаңында Осакаров
аудандық сотының тарихын зерттеу мақсатында біршама
жұмыстар жүргізілді.
Осакаров ауданы 1940 жылы 28 желтоқсанда Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен құрылғаны
белгілі. Осакаров аудандық сотының құжаттары арқылы
соттың құрылуының анық уақытын білуге мүмкін болмады,
бірақ мұрағат құжаттары боынша, 1938 жылдан бастап
ауданда Тельман аудандық сотының №2 сот учаскесі
жұмыс істеген. “Қарағанды облысы мемлекеттік
мұрағаты” ММ деректері бойынша, 13.12.1939 ж. бастап
Осакаров ауданының алғашқы халық судьясы Мағзұров
Көсембай еңбек еткен және бұл қызметті 1942 жылдың 8
қаңтарына дейін атқарған.
1938 жылы 16 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған
“КСРО-да, одақтық және автономдық республикаларда
сот ісін жүргізу” Заңына сәйкес халық соттарының
төмендегідей құрылымы қарастырылған: халық судьясы,
екі сот заседательдері, сот отырысының хатшысы.
Соттарды басқару ісі 1939 ж. құрылған ҚазКСР Әділет
халкоматының Қарағанды облыстық басқармасына
жүктелген. 1948 жылғы 15 наурыздағы КСРО Заңын
жүзеге асыру мақсатында ҚазКСР Әділет халкоматының
Қарағанды облыстық басқармасы Қарағанды облыстық
әділет басқармасына айналдырылған. КСРО Жоғарғы
Кеңесі Президиумының 1956 ж. 4 тамыздағы Жарлығымен
Қарағанды облыстық әділет басқармасы таратылып, сот
басқару ісі Қарағанды облыстық сотының құзырына
берілген. Одан кейін соттарды қамтамасыз ету
мәселесімен Қарағанды облыстық әділет басқармасы,
әділет басқармасы, соттардың әкімшісі, ал кейінгі
кезде – “Қарағанды облыстық сотының кеңсесі” ММ
айналысқан.
1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Осакаров
аудандық халық сотының атауы Қарағанды облысы әділет
басқармасының Осакаров аудандық соты деп
өзгертірілді.
25.12.2000 ж. сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
туралы Заңға сәйкес.
Қарағанды облысы әділет басқармасының Осакаров
аудандық соты Қарағанды облысының Осакаров аудандық
соты деп атала бастады.
Әділ сот шешімдерін шығару ісіне 1995 жылға дейін
халық судьялары деп аталып келген аудандық соттардың
төрағалары зор үлестерін қосты.
Жоғарыда айтылғандай, Осакаров аудандық халық
сотының алғашқы халық судьясы Мағзұров Көсембай
болды. 1915 ж. туған, ұлты – қазақ, білімі 8
сыныптық Мағзұров К. 1934 жылы білжылдық заң курсын
бітірген. Халық судьясы болып 1942 жылға дейін
істеген ол облыстық әділет басқармаса бастығының
орынбасары қызметіне ауыстырылған.
26.01.1942 ж. бастап халық судьясы қызметін 1914 ж.
Павлодар облысында туған, 6 сыныптық білімі бар,
Осакаров ауданының ауылшаруашылық банкінің уәкілі
Черепанов Константин Семенович атқарған.
02.08.1942 ж. – 05.08.1945 ж. аралығында Осакаров
ауданының халық судьясы болып Брусиловская Буся
Ефимовна істеген. Ол 1911 ж. Киев облысында туған,
білімі жоғары, Бүкілодақтық заң институтының Харьков
филиалын сырттай бітірген. Қарағанды 1914 ж.
эвакуациямен келген, халық судьясы болып сайланғанға
дейін адвокат, нотариус болып істеген. Қызметінен
Украинаға қайтуына байланысты босатылған.
05.03.1945 жылдын 1948 ж. қазан айына Осакаров
ауданының халық судьясы болып қайтадан Мағзұров К.
еңбек еткен.
20.10.1948 –29.01.1958 жж. Аралығында бұл лауазымды
1902 ж. Ишмуратов Менгали Ахметгалиевич атқарған.
Туған жері – Тобыл облысы, Белов ауданы, Мамлютка
селосы, ұлты- татар, білімі – ауылдық мектеп және
Петропавловск кеңестік партия мектебі болған. Еңбек
жолын 1918-1920 жж. Омбы темір жолында жұмысшы болып
бастаған. Халық судьясы болып сайланғанға дейін
төрағаның орынбасары, облсоттың мүшесі, Балқаш қ. I
учаскесінің судьясы, Қарағанды қаласы бойынша әділет
басқармасы бастығының орынбасары болып істеген.
29.01.1958 жылдан 1965 жылдың желтоқсан айына дейін
халық судьясы болып Мақышев Сәлімжан, 18.01.1966 ж.
– 30.05.1972 ж. аралығында Сағиденов Ғаббас қызмет
атқарды.
11.01.1971 жылдан бұл қызметте Кущенко Зинаида
Александровна болды. 08.09.1979 ж. Кущенко З.А.
Қарағанды облыстық сотының судьясы болып сайланып,
зейнет жасына дейін істеді.
08.05.1979 ж. – 07.12.1982 ж. аралығында Осакаров
ауданының халық судьясы Бачурин Николай Иванович
қызмет істеді.
07.12.1982 жылдан 11.02.1981 жылға дейін халық
судьясы болып Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Өспен мыс кенішіндегі Нілді стансасының тумасы
Бейсембаев Тиштыбай қызмет атқарды. Еңбек жолын
кеніштің жұмысшысы болып бастаған ол 1967 ж. ҚазМУ
заң факультетіне оқуға түседі. Студент болып жүріп,
Алматы қ. Фрунзе ауданы прокурорының көмекшісі болып
орналасады. 1968 жылы оқуын бітірсімен, Қарағанды
облыстық сотының қылмыстық істер алқасының мүшесі
болып тағайындалады. Одан кейін Қарағанды қ. Совет
ауданының халық судьясы, Абай қ., Мичурин, Ульянов
аудандарының халық сотының төрағасы болып істейді.
11.02.1986 жылдан 1989 жылға дейін халық судьясы (халық
сотының төрағасы) болып Сейсембаев Ермек Қапызұлы
еңбек еткен. Осакаров ауданынан кейін Сейсембаев
Е.Қ. Қарағанды қ. Октябрь аудандық сотының төрағасы,
Қарағанды облысы әділет басқармасының бастығы
қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Солтүстік
Қазақстан облыстық сотының сот алқасының төрағасы.
1990 жылдан халық сотының, 1995 жылданаудандық
соттың төрағасы болып Даутов Болат Ахметжанұлы
қызмет істеді.
1998-2000 жж. аудандық соттың төрағасы Бачиев Далхат
Топаевич болды. Қазіргі кезде Бачиев Д.Т. адвокат
конторасының директоры қызметінде.
2000-2008 жж. аудандық соттың төрағасы болып Рымбаев
Рамазан Рымбайұлы қызмет атқарды. Бүгінгі таңда
Рымбаев Р.Р. Осакаров аудандық сотының судьясы. 1978
ж. ҚарМУ-інің заң факультетін бітіргеннен кейін
Қарағанды облыстық сотының мүшесі, Қарағанды қ.
Теміржолы аудандық сотының судьясы, Тельман,
Қарқаралы аудандық соттарының төрағасы болып істеді.
ҚР судьялар Одағының Орталық Кеңесінің 31.07.2009 ж.
№23 қаулысымен сот жүйесіндегі көпжылғы қажырлы
еңбегі үшін Рымбаев Р.Р. судьялар Одағының “Үш би”
құрметті белгісімен марапатталған.
13.07.2008 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен Осакаров аудандық сотының төрағасы
қызметіне Кенжин Жәкен Еденұлы тағайындалды.
2008 ж. қырқүйек айынан Осакаров аудандық сотының
судьясы болып Құрманов Талғат Сұлтанұлы істейді.
Судьялары болып 1966-1971 жж. Кишкина Нелли
Васильевна, Майер Ирина Владимировна, Смаилова
Тілеужамал Сүлейменқызы, 1992-2008 жж. – Төлеулов
Қайыркен Шаймерденұлы, 1993-2009 жж. – Дацюк Галина
Васильевна қызмет атқарды. Қазірде Төлеуов Қ.Ш.
Қарағанды облыстық сотының судьясы, Дацюк Г.В.
Осакаров заң консультациясының адвокаты.
Қазіргі кезде Осакаров аудандық соты үш құрамды.
Соттың негізгі мақсаты мен міндеттеріазаматтар мен
мекемелердің заңды мүдделерін, құқықтары мен
бостандықтан қорғау, Конституция мен заңдардың,
басқа да нормативті – құқықтық актілер мен ҚР
халықаралық келісімдері талаптарының орындалуын
қамтамасыз ету.
|
|
|
|
|