|
|
|
|
Публикации
Газета «Сельский труженик»
№8 (7284) 25 февраля 2012 г.
Негізгі бағыттар кешені
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында
мемлекетіміздің әрі қарай даму жолындағы кешенді
шаралар ұсынылды. Оның ішінде негізгілерінін бірі –
сот және құқық қорғау жүйелерінің қызметін
жетілдіруге байланысты. Елбасы: «Судьялар сот
төрелігін заңды әрі өзінің ар-ожданын басшылыққа
алып жүзеге асыруы қажет» дей келе, сот
қауымдастығын қалыптастыру тәртібін өзгертуді
тапсырды, одан басқа, Президент түпкілікті шешімді
апелляциялық инстанциялардың өздері қабылдау
қажеттігін, істерді аудандық соттарға жаңадан
жібермеу керектігін атап өтті. Осындай өзгерістер
сот жүйесінде әуре-сарсанды жоюға мүмкіндік береді.
Қазіргі күні еліміздің сот жүйесі халықтың сотқа
деген сенімін нығайтып, сот төрелігін білікті әрі
кәсіби жүзеге асыра алатын тұлғалардың судья ретінде
тағайындалуына бағытталған қадамдар жасауда.
Судьялыққа, сот саласындағы басшылық лауазымдарға
үміткерлерді іріктеу жүйесі жаңартылды, сыбайлас
жемқорлық оқиғаларының алдын алу мақсатындағы
шаралар кешені тұрақты түрде жүзеге асырылуда,
Қазақстан Республикасындағы 2012-2016 жылдарға
арналған сот білімі стратегиясы дайындалды. Сонымен
қатар, электрондық сот жүйесі енгізіліп, дауларды
сотқа дейінгі аралықта шешу институты да нәтижелі
қызмет етіп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың сот жүйесі алдына қойған
мақсаттарды орындау үшін сот қауымдастығының
өкілдері өздерінің жоғары жауапкершілігін сезіне
отыра, тұрақты түрде біліктілігін арттырып, қызметін
одан әрі жетілдіретін болады.
Осакаров аудандық сотының
төрағасы Ж.Е.Кенжин
|
|
|
|
|