Казахский  |  Русский

 

Новости

 Главная

 История

 Состав суда

 Регламент работы

 Приём граждан

 Из зала суда

 График рассмотренных дел

 График назначенных дел

 Отчет учебного центра

 План-пресс

 Публикации

 Пресс-релизы

 Пресс-конференции

 Фото-галерея

 Информация для посетителей
  Публикации


Газета «Сельский труженик»
№6 (7282) 11 февраля 2012 г.

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау – басты міндет.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына өз жолдауында еліміздің сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту туралы тапсырмалар берді. «Судьялар тек заңмен және өзінің ар-ожданымен сот төрелігін атқаруы тиіс» деп көрсетті. Осы талаптар орындалады дегенге судьялар толығымен сенімді.
Сот төрелігін жүзеге асыру барысында Осакаров аудандық соты біршама жұмыстар атқаруда. Бұл тұрғыда аудандық сот 2011 жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап, Қарағанды облыстық сотында мерзім қорытындысы бойынша өткізілген кеңесте жоғарғы баға алды.
2011 жылы аудандық соттың судьяларымен 76 қылмыстық, 461 азаматтық, 501 әкімшілік істер, 70 өзгеде материалдар, 18 санкция қаралды. 2010 жылмен салыстырғанда қылмыстық істердің саны 89-дан 76-ға кеміген, ал азаматтық істер 454-тен 461-ге, әкімшілік істер 365-тен 501-ге көбейген.
Апелляциялық сатыда 4 қылмыстық, 7 азаматтық іс қаралып, барлығы өз күшінде қалды. Сонымен қатар аудандық сотта істердің қаралу мерзімі бұзылған жоқ.
Былтырғы жылы соттың материалды-техникалық жағдайын арттыру үшін іс-шаралар өз жалғасын тауып, Осакаров аудандық сотының ғимараты облыстағы соттардың арасында көрнекті біреуіне айналды. Жоғарғы сот төрағасының соттарға берген тікелей тапсырмасына сәйкес ең біріншіден сотқа жүгініп келушілерге толығымен жағдай жасалған. Оларға тиісті түрде соттың фойесінде күтетін орындар, ақпараттық кеңістік ұйымдастырылған.
Сонымен қатар сот төрелігінің ашықтығы мен жариялығын қамтамсыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайту сот қызметінің негізгі қағидалары. Бұл тұрғыда Осакаров аудандық сотында үнемі «Ашық күндер есігі», азаматтарды қабылдау шаралары, баспасөз конференциялары, брифингтер өткізіліп тұрады. Былтырғы жылы «Сельский труженик» газетінде әр-түрлі сипаттағы судьялар мен аудандық соттың қызметкерлерінің 18 мақаласы жарияланды, сот төрағасының мақалалары республикалық жариялымдарда жарық көрді.
2011 жылдың есте қалатын бір оқиғасы - ол Республикамыздың Жоғарғы Сот төрағасы Б.Бекназаровтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Осакаров аудандық сотында болып, соттың жұмыс тәртібімен танысқаны. Мәртебелі қонақ аудандық сот ұжымымен кездесіп, сот жүйесінің өзекті мәселелеріне тоқталды, соттың материалды-техникалық жағдайымен, судьялар мен қызметкерлердің жұмыс орындарымен танысты. Жалпы, көрген жәйттерге Жоғарғы Сот төрағасы ризашылығын білдірді. Бұл ұмытылмас кездесу аудандық соттың жұмысын бұдан да жоғарғы деңгейге көтеруге жаңа қарқын берді. Ал азаматтар мен ұйымдардың бостандықтарын қорғау тұрғысында Осакаров аудандық соты жұмыстарын үнемі жалғастырады.

Осакаров аудандық
сотының төрағасы Ж.Е.Кенжин

 


 Кодекс чести

 20 лет
 независимости

 Закон о медиации

 Программа 2030
     

             

 


Free Web Hosting